Сайт создан на конструкторе asia.kz.   Создайте и Вы себе сайт бесплатно!
Объявление от Asia.kz:
Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы

Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы по низким ценам

 
 
Методическая копилка
  • Разработка открытых уроков
 
Участие в конкурсах
  • Личное участие преподавателей
  • Участие студентов под руководством преподавателей
 
Публикации в СМИ
  • Размещение материалов на сайтах
 
Реклама:
Конструктор сайтов Asia.kz
Конструктор сайтов Asia.kz
 
 

Сабақтың тақырыбы: Туған жерім – Қазақстан.

 

Сабақтың мақсаты :

1) Білімдік: Студенттердің сөздік қорын байыту. Туған еліміз туралы әңгімелеу қабілеттерін арттыру.Өтілген материалдарды тиянақтап, қайталау арқылы нәтижелеу. Синонимді  қайталау.

2) Дамытушылық: Студенттердің ой – өрісін, дүниеге көзқарасын, белсенділігін арттыру. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

3) Тәрбиелік: Студенттердің Отанға, туған жеріне деген қызығушылығын арттыру және саналы, тәрбиелі болып қалыптасуына әсер ету.

Сабақтың типі : қортындылау сабағы.

Сабақтың түрі : саяхат сабағы.

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап, ойын, үлестірмелі карточкалармен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі : карта, рәміздер, Президент суреті, карточкалар, Астана туралы көрме, Президент туралы көрме.

Сабақтың пән аралық байланысы : тарих, жағрафия, әдебиет, орыс тілі, ағылшын тілі.

Сабақтың барысы : Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіңдер ме , студенттер!

  • Сыныпта кім кезекші?
  • Бүгін кім жоқ?
  • Бүгін аптаның қай күні?
  • Ауа – райы қандай?
  • Қай колледжде оқисыңдар?

Үй жұмысын тексеру : Мақал мәтелдерді , синонимдерді  қайталау,   

Бүгінгі сабағымыздың эпиграфы : ­­

Байтақ  дала – туған жерім.

Қымбат маған әр тасың,

Өзен, көлі, самал желі,

Асқар тауы – баршасы.

(оқимын, аударамыз,бір студент оқып шығады)

Бір студент синоним ережесін айтып береді.Синоним дегеніміз не?

Фонетикалық жаттығу.

Осы өлеңде қазақ тіліне тән қандай дыбыстар бар?(ауызша сипаттама беру)

Қ –дауыссыз қатаң, Ғ – дауыссыз ұяң , І – дауысты жіңішке, Ң –дауыссыз үнді, Ә – дауысты, жіңішке, Ө – дауысты , жіңішке.

Құрметті студенттер бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Туған жерім – Қазақстан » . Біз Қазақстан қалаларына саяхат жасаймыз. Әр қалада түрлі тапсырмалар орындаймыз. Синоним тақырыбын қайталаймыз. Сондықтан өз білімдеріңді жақсылап көрсетуге тырысыңдар.

Сонымен бірінші аялдама – Петропавл қаласы.(мақал –мәтелдер қаласы)

Туған жердей, жер болмас.

Туған елдей, ел болмас .

Отан- оттанда ыстық.

Студенттер өз мақал – мәтелдерін айтады.

Екінші аялдама - Қостанай қаласына келдік. Сөздермен мәтіндер қаласы.

Бұл қалада жаңа сөздермен танысамыз.

Шектеседі- граничит

Құрлығында – на материке

Жер аумағы – площадь земли

Жүзден астам – более ста

Дүние жүзінде – в мире

Пайдалы қазбалар – полезные ископаемы

Сөздерді тақтадан оқимын, хормен оқу, 1 -2 студент оқиды(қазақ тілінде аудармасын), сөздердідәптергежазады.

Енді мәтінді оқимыз

Менің туған жерім – Қазақстан. Қазақстан – тәуелсіз ел. Ол Еуразия құрлығында орналасқан. Қазақстан жер аумағы бойынша дүние жүзінде 9 –шы орын алады. Қазақстан шығыста Қытаймен, Оңтүстікте Қырғызстан,Өзбекстан, Түркменстан республикаларымен батыста және солтүстікте Ресеймен шектеседі. Қазақстанда қазақтардан басқа жүзден астам ұлт өкілдері тұрады. Халқының саны 15 милионнан асады. Қазақстан Республикасында 14 облыс, 45 қала бар. Республикада пайдалы қазбалардың бәрін табуға болады.

1) сөйлемдерді аудару.

2) сұрақтарға жауап беру.

А) Қазақстан қандай ел?

Ә) Ол қайда орналасқан?

Б) Қазақстан қандай мемлекеттермен шектеседі.?

В) Қазақстанда неше облыс бар?

 

Мағанасы жақын сөздерді қойыңдар.

  1. Қазақстан – тәуелсіз ... ( қала, ел)
  2. Қазақстан( Австралия, Еуразия) ... құрлығында орналасқан .
  3. Қазақстан жер аумағы бойынша (3-9) орында.
  4. Қазақстанның рәміздері (ту, елтаңба, сурет)

Үшінші аялдама – Қарағанды қаласы (шешендер қаласы)

Екі студент шығып Елтаңба мен Ту туралы мәтін оқиды.

Қазақстанның рәміздерін атайық – ту, елтаңба, әнұран.

  • Туда не бейнеленген ? Тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
  • Елтаңбада не бар? Елтаңбаның авторы кім? (Жандарбек Мәлібеков,Шот-Аман  Уәлиханов)
  • Әнұранның авторы кім?
  • Ұлттық валютамыз қалай аталады?
  • Теңге. Қай жылы айналымға кірді?
  • 1993 жылы қараща айында айналымға кірді.

Келесі аялдама Шымкент қаласы – тілдер қаласы.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Орыс тілі ресми тіл.Қазір өмір талабына сай көп тіл білу керек. Біздің колледжде қандай тілдер оқисыңдар? (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі).Көп тіл білетін адамды қалай атайды?(полиглот).

Тапсырма: Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қою.Сол сөздерді орыс, ағылшын тіліне аудару керек.

  1. Астана өте әдемі ...(қала, город, сити)
  2. Қазақстанның ...  – Астана қаласы ( астана, столица, кепитал)
  3. Тоқтар Әубакіров – тұңғыш ...(ғарышкер, космонавт, козминет)
  4. Қазақстанның туы ... түсті ( көк, синий, блю)
  5. Қазақ ... – мелекеттік  ...( тіл, язык, ленгвиж)

Келесі аялдама Астана қаласы – болашақ қаласы.

Дүние жүзінің ең жас әрі көрікті қалаларының бірі. Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Кең әрі таза көшелер, зәулім үйлер, әдемі ғимараттар қаланың сұлулығын арттыра түседі.Қалада сауда орталықтары, салтанат сарайлары, мұражайлар, демалыс орындары көп.

  • Бұл мәтін қай қала туралы?(Астана). Суреттер көрсету, көрме.
  • Астана қаласы қандай қала?
  • Әр оқушы бір сөйлемнен айтады.
  • Астана туралы не білесіңдер?
  • Қандай ғимараттар атауларын білесіңдер?
  • Астана қаласын өзгерту кімнің идеясы
  • Н.Ә.Назарбаев.
  • Ол кім? – Президент.
  • Катя өмірбаянын айтады?
  • Көрме туралы әңгіме.

Келесі аялдама Алматы қаласы – ойындар қаласы.

Алматының бұрынғы аты қалай? – Верный.

Дұрыс па, бұрыс па деген ойын ойнаймыз.Студенттерге карточкалар таратылады.

  1. Қазақстан – тәуелсіз, көп ұлтты мемлекет.(дұрыс)
  2. Қазақстанның сатанасы – Петропавл қаласы. (бұрыс)
  3. Халқының саны 25 миллион адам.(бұрыс) 15 млн.
  4. Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге.(дұрыс)
  5. Қазақстан: Ресемен, Өзбекстанмен, Қырғызстанмен,шектеседі.(дұрыс)
  6. Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі.(дұрыс)

Біз Қазақстанның қалаларына саяхат жасап, Боголюбовоға қайтып келдік.

Енді  сабағымызды  қорытайық.

  • Біздің туған жеріміз қай ел? – Қазақстан.
  • Астанамыз қай қала? – Астана.
  • Еліміздің рәміздерін атаңдар?-Ту,Елтаңба, Әнұран.
  • Ұлттық валютамыз қандай? –Теңге
  • Президентіміз кім? – Н.Ә.Назарбаев
  • Қазақстан қандай ел? –Егеменді ,тәуелсіз.
  • Тәуелсіздігімізді қашан тойлаймыз? -16 желтоқсан.

Үй жұмысы: Менің отаным – Қазақстан (шығарма)

Бағалау:

Сабақ аяқталды. Сау болыңдар.

 

 

 

 

 
 
 
Пожаловаться на сайт